Сапаров Куат Табылдинович

доктор географических наук, профессор

Курста Қазақстан Республикасы және дүниежүзі елдерінің топонимикалық кеңістігі аймақтар бойынша қарастырылып нақты деректер арқылы топтастырылды. Оқыту барысында аумақтардың жер-су, елді - мекен атауларының шығуы мен пайда болуы (этимологиясын), мағынасы, құрылымының дамуы, таралу аймағы, қазіргі жағдайы, жазылуы мен айтылу заңдылықтары жөнінде сөз болады. Аумақтарда кездесетін халықтық географиялық терминдер ғылыми тұрғыда негізделді. Пәннің мақсаты студенттерді топонимдердің (жергілікті географиялық нысан атаулары) білім беру қағидаттарымен таныстыру, сондай-ақ оларды оқу және ғылыми зерттеулер үдерісінде пайдалану негізге алынды. Курстағы әрбір дәріс шолу сұрақтарымен, өзіндік тапсырмалар және қосымша деректермен  берілді.