Әбдірашев Өмірзақ Көптілеуұлы

қауымдастырылған профессоры, PhD

Пән ғарыштық аппараттардың кеңістіктегі орнын анықтау, қажетті бағытқа бағдарлау және тұрақты қалпын сақтау әдістерін зерттеуге арналған. Білім алушылар бағдарлау мен тұрақтандыру жүйелерінің құрылымын, жұмыс істеу қағидаларын және негізгі техникалық сипаттамаларын меңгереді. Курста гироскоптар, жұлдыздық датчиктер, Күн мен Жер датчиктері, реактивті қозғалтқыштар және маховиктік басқару құрылғылары қарастырылады. Сондай-ақ пассивті және активті тұрақтандыру әдістері, басқару алгоритмдері мен аппараттың бұрыштық қозғалысын модельдеу негіздері оқытылады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар бағдарлау параметрлерін есептеу, жүйелердің жұмысын талдау және басқару сұлбаларын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады. Алынған білім ғарыштық аппараттардың сенімді және дәл басқару жүйелерін жобалау кезінде қолданылады

Әбдірашев Өмірзақ Көптілеуұлы

қауымдастырылған профессоры, PhD

Пән зымырандар мен ғарыш аппараттарының құрылысын, жұмыс істеу қағидаларын және олардың негізгі жүйелерін зерттеуге арналған. Білім алушылар зымыран қозғалтқыштарының түрлерімен, ұшу динамикасымен, орбиталық қозғалыс негіздерімен және ғарыш аппараттарын басқару әдістерімен танысады. Курста зымыран-ғарыштық техниканы жобалау, құрастыру және пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар ғарыш аппараттарының энергетикалық, навигациялық, байланыс және қауіпсіздік жүйелеріне назар аударылады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар техникалық есептеулер жүргізу, құрылымдық сызбаларды талдау және инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырады. Алынған білім зымыран-ғарыш саласындағы заманауи технологияларды түсінуге және кәсіби қызметте қолдануға мүмкіндік береді


Медетов Бекболат Жаксылыкулы

доцент

«Сигналдарды өңдеудің заманауи әдістері» пәні электроника және телекоммуникациялар бағытындағы ғылыми жұмыстармен шұғылданатын докторанттарға арналған. Курстың негізгі мақсаты - сигналдар жайлы жалпылама мәліметтерді қамти отырып, оларды өңдеудің корреляциялық талдау, сүзгілеу, спектралдық талдау, телекоммуникациялық арналардың өткізу қабілетін арттыруға арналған сигналдарды кодтау тәрізді заманауи әдіс-тәсілдердің теориясы мен практикалық қырларын қарастыруды қамтуға бағытталған. Сонымен қатар, электрондық өлшегіш құралдардың дәлдігін арттыру үшін және де кейбір ғылыми мәселелерді, мысалы, радиомониторинг мәселесін шешу үшін, Калман сүзгісін қалай қолдануға болатыны жайлы ақпарат беріледі. Бұл пән радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында ғылыми жұмыстармен шұғылданатын мамандар үшін пайдалы болып табылады.

Акылбекова Айман Дуйсембаевна

аға оқытушы, PhD доктор

«Вакуумдық техника» пәні ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында вакуумды құру және пайдалану негіздерін зерттейді. Курс аясында студенттер вакуумдық жүйелердің жұмыс принциптерін, вакуумды құру және өлшеу әдістерін, вакуумдық қондырғылардың технологияларын, сондай-ақ вакуумды әртүрлі салаларда, ғылыми зерттеулер мен медицинада қолдануды үйренеді.  «Вакуумдық техника» пәні физика, химия, механика, электротехника және басқа да техникалық ғылымдар саласында жұмыс істейтін мамандар үшін білім берудің маңызды бөлігі болып табылады.



Тохметов Акылбек Темирбекович

Доцент

Курс лекции по дисциплине «Киберфизические системы и основы цифровой техники». Данный курс состоит из трех модулей: Киберфизические системы, Теоретические основы цифровой техники, Основные блоки цифровой техники. Целью изучения данной дисциплины является изучение принципов функционирования киберфизических систем, формирование базовых знаний студентов в области цифровых устройств и развитие навыков использования цифровой техники. В процессе изучения курса лекций «Киберфизические системы и основы цифровой техники» вы научитесь понимать киберфизические системы, освоите основы цифровой техники и научитесь применять эти знания на практике

Ашуров Абдикул Еркулович

Кандидат физико-математических наук

Курс раскрывает системы координат, используемые в космической баллистике, системы исчисления времени, виды и элементы орбиты КА, связь между элементами орбиты и положению спутника, возмущенное движение КА, коррекция орбиты КА, плоский маневр, расчет объемного маневра, орбита спутника ДЗЗ и ее коррекция, орбита спутника ДЗЗ и ее коррекция, вывод геостационарного КА на орбиту.

Курахмедов Алишер Ерметович

Магистр физико-математических наук

Курс записан по дисциплине «Молекулярная физика и термодинамика», и предназначен для дистанционного проведения лабораторных работ. Курс предназначен для студентов обучающихся на бакалавр, и включает в себя лабораторные работы по определению теплопроводности и удельной теплоемкости твердых тел, влажности окружающей среды, изучение свойств термопары и терморезисторов, определение коэффициента Пуассона, изучение давления насыщенных паров при высоких температурах.

Айдарова Динара

Оқытушы

Курс «Молекулалық физика және термодинамика» пәні бойынша жазылған және зертханалық жұмыстарды қашықтықтан жүргізуге арналған. Курс бакалавр студенттеріне арналған және қатты заттардың жылу өткізгіштігі мен меншікті жылу сыйымдылығын, қоршаған ортаның ылғалдылығын анықтау, термопара мен терморезисторлардың қасиеттерін зерттеу, Пуассон коэффициентін анықтау, жоғары температурадағы қаныққан будың қысымын зерттеу бойынша зертханалық жұмыстарды қамтиды.

Муздыбаева Тымаркул Курбановна

PhD

Курс механика теориясының негізгі ұғымдарын, кумулятивтік күштер жүйесін, күш моменттері теориясын, параллель күштерді, қос күштер теориясын және материалдық жүйені қарастырады. Негізгі ұғымдар: кернеу, деформация, тегіс қиманың геометриясы, сипаттамалары: статикалық момент, инерция моменті, таза кернеу, тұрақтылық.