Ботабаева Адеми Еркебаевна
м.а. доцент
Педагогика пәннің бүгінгі таңда алатын орны
айрықша. Педагогикалық инновация талаптарына сай педагогтер дайындауда, осы
ғылым саласымен қаруландыруды қажет етеді. Бұл болашақ педагогтің жалпы
мәдениетінің қалыптасуына ықпал ете отырып, оның тұлға ретінде өзін-өзі
жетілдіруіне оң әсер етеді және олардың қабілеттерін дамыту белсенділігін
арттырады. Педагогика адамды тәрбиелеу және оқыту жұмыстарымен
айналысқандықтан, ол ғылым ретінде адамтану және гуманитарлық ғылымдар
жүйесінде белгілі орын алады.
- Teacher: Адеми Ботабаева
