
Назырова Айжан Есболовна
PhD, аға оқытушы
Бұл курс С++ программалау тілінің негіздерін меңгеруге бағытталған және студенттердің алгоритмдік ойлау қабілетін, программалау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Пән аясында студенттер С++ тілінің синтаксисі мен құрылымдарын, айнымалылар мен массивтерді, шартты операторлар мен циклдерді, функциялар мен рекурсияны, сондай-ақ файлдармен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді. Сонымен қатар, объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары — кластар, мұрагерлік, полиморфизм және конструкторлар қарастырылады. Курсты сәтті аяқтаған студенттер модульдік және құрылымдық программалар құрып, күрделі жүйелердің негізін жасау, оларды құрылымдау және отладка жүргізу дағдыларын меңгереді. Пәнді игеру үшін студенттерде программалау негіздері, логикалық ойлау қабілеті және компьютерлік жүйелер туралы базалық білім болуы қажет.
