
Алибекова Айгуль Бауржановна
доцент м.а., PhD
«Мемлекеттік қаржыны басқару» – мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару қағидаттары мен
тетіктерін зерделеуге арналған оқу пәні. Ол әлеуметтік-экономикалық процестерді
талдауды, бюджеттік және қаржылық жүйелердің, салық жүйесінің жұмыс істеуін қамтиды,
сондай-ақ қаржы нарықтары мен олардың делдалдарын зерттейді. Ерекше назар
мемлекеттік қаржыларға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үй
шаруашылықтарының қаржыларына аударылады. Пән аясында мемлекеттік басқарудың
тиімділігін бағалау, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін
айқындау және оларды макроэкономикалық үлгілер негізінде болжау жүзеге
асырылады.
- Мұғалім: Айгуль Алибекова
