Алибекова Айгуль Бауржановна

доцент м.а., PhD

«Мемлекеттік қаржыны басқару» – мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару қағидаттары мен тетіктерін зерделеуге арналған оқу пәні. Ол әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауды, бюджеттік және қаржылық жүйелердің, салық жүйесінің жұмыс істеуін қамтиды, сондай-ақ қаржы нарықтары мен олардың делдалдарын зерттейді. Ерекше назар мемлекеттік қаржыларға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үй шаруашылықтарының қаржыларына аударылады. Пән аясында мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін айқындау және оларды макроэкономикалық үлгілер негізінде болжау жүзеге асырылады.