Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы
ф.ғ.д., доцент
«Қазақ әдеби сыны» пәні бойынша дәрістер курсы филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға жүйелі түрде оқытылып келеді. Дәрісте қазақ әдеби сынының туу және даму, қалыптасу жолдары қарастырылады. Тарихи бастауларын халықтық зстетикадан ала отырып, көне түркі дәуірі, қазақ хандығы және кейінгі ғасырлар бедерінде өркендеген сөз өнерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін зерделеудегі әдеби сынның маңызы талданады. Сын табиғаты, сыншы тұлғасы сараланады. Әдеби сынның ғылыми-әдістемілік мәселелері, сын жанрлары, сынның эстетикалық категориялары екшеледі. Әдеби сынның әдебиеттану ғылымындағы маңызы айқындалады.
- Manager: Сағымбай Жұмағұл
