Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы
ф.ғ.д., доцент
Абайтану – ұлттық әдебиеттанудың кешенді ілімі. Абайтану әдебиеттану ғылымының өзекті арналарымен сабақтас болғандықтан, қазіргі білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Қазақ әдебиеттануының ұлттық мүддемен сабақтасып жатқан ғылыми өзекті мәселелеріндегі маркстік-лениндік әдіснама талабы тұрғысынан орын алып келген сан алуан «ақтаңдақтар» абайтану іліміне тән. Ақын шығармашылығы мен әдеби мұрасын ғылыми негізді зерттеп тану бастауында тұрған ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми еңбектері тоталитарлық жүйе қысымынан назардан тыс қалып келді. Мұның өзі абайтанудағы алғашқы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі ізденістердің даму үрдісін толық тануға мүмкіндік бермеді. Абай шығармашылығын әдеби-тарихи, әдеби-теориялық талдаудың классикалық үлгісін ғылыми негіздеген Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлы еңбектерін обьективті зерделеуге мүмкіндік береді. Пәнді иегруде абайтанудың историография, библиография, методологиясы негізе алынып, қазіргі таңдағы жаңа парадигмалары сараланады. ХХІ ғасыр биігіндегі абайтану мәселелері зерделенеді. Пән абайтанудың тарихи қалыптасу жолдарын екшеу, ақын мұрасын жариялау мен зерттеудегі маңызды қадамдарды саралау, абайтанудың қазіргі кезеңдегі даму парадигмаларын, жаңа зерттеу әдістерін қарастыруды көздейді
