Қалиоллаұлы Дәрмен
аға оқытушы
Саясаттану, бұл бізге қоғамның даму бағытын түсінуге, азаматтық сананы қалыптастыруға және заманауи әлемдегі күрделі процестерді талдауға жетелейді. Мемлекеттік органдардың жұмысы тәртібін, саяси партиялардың қызметін біліумізге. мүмкіндік береді. Саясаттану пәнін оқу арқылы, біз саяси сауаттылық пен азаматтық мәдениетті қалыптастырамыз. Мәселен, сайлау науқандары кезінде саяси партиялардың бағдарламаларына талдау жасай отырып, дауыс беру кезінде популизмге ермей, саналы шешім қабылдай алатын боламыз. Мемлекетіміздегі жүріп жатқан саяси процестерге азаматтық позициямызды білдіру мәдениетіміз дамиды. Сыни ойлау мен талдау қабілетімізді өсіру арқылы қазіргі ақпараттық заманда фейк ақпараттардың жетегінде кетпейтін боламыз. Сондай-ақ ақпараттық ағынды сүзгіден өткізуді, саяси оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын табуды үйретеді. Сонымен қатар саясаттану пәні бізді Жаһандық процестерді түсінуге, талдауға мүмкіндік береді
- Manager: Дармен Калиолаулы
