Жулдыз Мусагуловна Ташенова
PhD, ассоц.профессора
«Жоба менеджменті» онлайн-курсы қазіргі цифрлық экономика жағдайында IT-жобаларды тиімді жоспарлау, басқару және дамыту саласындағы білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Курстың өзектілігі IT-жобаларды басқарудың заманауи әдістемелерін, стартаптарды құру және дамыту қағидаттарын, инновациялық технологияларды және жасанды интеллект құралдарын практикалық тұрғыда меңгеру қажеттілігімен айқындалады. Курс мазмұнында жоба менеджментінің негізгі ұғымдары мен қағидаттары, IT Startup түсінігі мен экожүйесі, Agile, Scrum және Kanban әдістемелері, жобаның ауқымы мен талаптарын, уақыт пен ресурстарды басқару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар IT-жобалардағы тәуекелдерді басқару, киберқауіпсіздік жобаларын жоспарлау, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Курстың мазмұндық маңызы IT Startup үшін бизнес-модельдерді әзірлеу, команданы қалыптастыру және көшбасшылық, қаржылық жоспарлау мен инвестиция тарту, маркетинг және өнімді ілгерілету бағыттарымен толықтырылады. Білім алушылар инновациялық жобаларды әзірлеу, олардың сапасын бағалау, нарыққа шығару, жобаны қорғау және одан әрі масштабтау бойынша қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Курстың «Инновациялар және жасанды интеллект» тақырыбы қазіргі заманғы IT-жобаларда жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт білім алушылардың цифрлық және инновациялық құзыреттерін арттырып, заманауи технологиялық шешімдерді жобалық қызметке енгізу қабілетін дамытуға ықпал етеді.
- Manager: Жулдыз Ташенова
