Тунгушбаева Дарига Иманжусуповна

Физика-математика ғылымдарының магистрі

Курста жоғары математика пәнінің сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия сонымен бірге математикалық талдаудың негізгі бөлімдері дифференциалдық және интегралдық есептеулер қарастырылған. Әрбiр тақырып бойынша теориялық материалдар, тақырыпқа сәйкес  мысалдар қарастырылып, олардың қолдану салалары көрсетілген. Сонымен бірге білім алушының алған білімін тексеру мақсатында қосымша тапсырмалар берілген. Курс жаратылыстану және техника мамандықтары бойынша қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған жоғары оқу орындарының оқыту стандарттарына сәйкес әзірленді.