Карипова Айнур Турсынбаевна

доцент, кандидат экономических наук

Курс теориялық, ғылыми және практикалық білімдер арқылы студенттерді жаңа тауар жасау немесе қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметке дайындауды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар әзірлеуді үйретуді мақсат етеді. Курс барысында нарықтық қатынастар  жағдайында кәсіпкерлікті құру негіздері оқытылады, салалық нарықты талдау, кәсіпкерлікті жоспарлау және болжау, сондай-ақ тауарларды өткізу, еңбекақы төлеу және қаржылық нәтижелерді қалыптастыруды басқару үдерісін жетілдіру шараларын таңдау әдістері үйретіледі, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық механизмдері қарастырырылады, негізгі қор мен айналым құралдарының, сұраныс пен ұсыныстың, өнім мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің, қаржылық нәтижелердің құрылымы мен келешектегі қажеттілігін қалыптастырудың мәселелері қарастырылады.