Оразбек Мақпал (Мақтагүл) Социалқызы

Филология ғылымдарының докторы, профессор

«Көркем туындыдағы авторлық позиция» пәні 8D02314 –«Әдебиеттану» білім бағдарламасы бойынша білім алушы докторанттарға арналған. Қазіргі әлемдік әдебиеттануда көркем шығарма авторы және шығарма табиғаты, көркем туындының жазылу процесі, шығармашылық психологиясы, кейіпкер мен автор арақатынасы мәселелері ғалымдардың назарын аударуда. Аталған пән көркем туындыдағы автор, кейіпкер, идея, авторлық позиция, образ (әдеби бағыт, әдеби даму, әдеби тек пен түр, көркем мәтін, стиль) категорияларының мәнін айқындап, мәтін мазмұнынан автордың идеясы мен позициясын талдауды көздейді. Аталған әдеби категориялар мен олар туралы зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерін, тұжырымдар, талдаулар мен зерттеулерді жан-жақты түсіндіріп, меңгертеді.