Алтынбек Әмірұлы Шәріпбай

Техникалық ғылым докторы, профессор

Онлайн курста табиғи (биологиялық) нейрондардың математикалық моделдері болып табылатын жасанды нейрондардың әртүрлі түрлері талқыланады. Жасанды нейрондардың әртүрлі белсендіру функциялары қарастырылады. Нейрондарды нейрондық желілердің әртүрлі түрлеріне біріктіру әдістері талқыланады. Нейрондық желілер үшін оқыту парадигмалары (мұғаліммен, мұғалімсіз) және аралас оқыту әдістері ұсынылған. Жалпы алғанда, жасанды нейрондық желілер кіріс ақпаратты өңдеуді және кез келген типтегі шығыс мәліметтерді (мәтін, сөйлеу, мультимедиа және т.б.) тудыруды үйрене алатын өзара байланысты нейрондардың жиынтығы екені көрсетілген