Тосмағанбетова Кульди Сулейменовна

доцент м.а., PhD

Аналитикалық химия – заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады. Сапалық анализ заттың қандай компоненттерден тұратынын анықтайды, ал сандық анализ компоненттердің мөлшерін анықтайды. Бұл курс бейорганикалық заттарды сапалық талдауға арналған. Пәннің мақсаты: қазіргі аналитикалық химияның теориялық негіздері, элементтерді   сапалық талдау    әдістерін қарастыру; химиялық тепе-теңдік   типтері: гомогенді, гетерогенді, тотығу- тотықсыздану, комплекс түзу  жүйелеріндегі химиялық тепе- теңдіктер қарастырылады, олардың нақты қолданылуына тоқталады; сапалық талдаудың оптикалық және хроматографиялық әдістері де қарастырылады болады.