
Жаркимбекова Айжан Темиржановна
PhD, старший преподаватель
«Қорғалған ақпараттық жүйелер» курсы ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
заманауи халықаралық және қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпаратты
қорғаудың бағдарламалық-аппараттық әдістері мен құралдарын зерттеуге
бағытталған. Курста ақпараттық-технологиялық жүйелер мен желілердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бағалау критерийлері, тәуекелдерді талдау
әдістері және қорғау шараларын әзірлеу тәсілдері зерделенеді. Сонымен қоса, ақпараттық жүйелердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шешімдерді әзірлеу және енгізу, қорғау шараларын
іске асыру бойынша жан-жақты білімдер келтіріледі. Тыңдаушылар заманауи әдістер мен
технологияларды, соның ішінде арнайы бағдарламалық құралдар мен CASE
технологияларын пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту
дағдыларын меңгереді. Курс қазіргі таңда қарқынды түрде өсіп келе
жатқан қауіптер жағдайында ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін тиімді
қамтамасыз ете алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
- Manager: Айжан Жаркимбекова
- Teacher: Айнаш Давлетова
