Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы
ф.ғ.д., доцент
Ұлттық әдебиеттанудағы маңызды саласы абайтану практикалық курсының оқу үрдісіндегі маңызы ерекше. Практикалық курста абайтану тарихы жан-жақты қамтылып, аса өзекті ғылыми мәселелері сараланады. Маркстік-лениндік әдіснама талабы тұрғысынан орын алып келген сан алуан «ақтаңдақтар» мәселесі тәуелсіздік талабы тұрсынынан қарастырылады. Ақын шығармашылығы мен әдеби мұрасын ғылыми негізді зерттеп тану бастауында тұрған ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми еңбектері жүйелі таалданады. Абай шығармашылығын әдеби-тарихи, әдеби-теориялық талдаудың классикалық үлгісін ғылыми негіздеген Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлы еңбектері байыпталады. Абайтанудың ғылыми негізін қалаудағы МҮӘУезов еңбектерінің маңызы айқындалады. Абайтанудағы басты ғылыми еңбектер екшеледі. Қазіргі абайтанудағы жаңа парадигма сараланады. Пәнді иегруде абайтанудың историография, библиография, методологиясы негізе алынып, қазіргі таңдағы жаңа парадигмалары сараланады. ХХІ ғасыр биігіндегі абайтану мәселелері игеріледі
