Жулдыз Мусагуловна Ташенова
PhD, ассоц. профессор
«Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын «Деректер базасы және оның қауіпсіздігі» пәні бойынша арналған курс. Бұл курста деректер қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен практикалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Курста дерекқор жүйелеріндегі ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдарын нақты әрі жүйелі түрде сипатталады. Қауіпсіз дерекқорды жобалау және іске асыру барысында деректерге қол жеткізуді бақылау, қолжетімділікті басқару модельдері, пайдаланушыларды тіркеу, аутентификациялау және артықшылықтарды басқару мәселелеріне ерекше назар аударылған.деректердің қолжетімділігін арттыру әдістері, дерекқордың сақтық көшірмелерін жасау, репликациялау, жүктемені теңестіру, деректерді бөлу және бөлісу механизмдері, сондай-ақ дерекқордың жұмысын мониторингтеу мен аудит жүргізу тәсілдері қамтылады.MySQL және PostgreSQL дерекқорларында сақтық көшірме жасаудың түрлері берілген, шифрлаудың негізгі ұғымдары және дерекқор деңгейінде шифрлауды іске асыру тәсілдері түсіндірілген. SQL-инъекция шабуылдарының негізгі әдістері мен түрлері, дерекқор қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аудит пен мониторинг мәселелері айтылады.Әр дәріс теориялық түсінікпен, мысалдардан, білім алушы өзін-өзі тексеретін сұрақтардан тұрады.
