Жулдыз Мусагуловна Ташенова
PhD, ассоциированный профессор
«Ақпарат және кодтау теориясы» пәнінің мақсаты - ақпараттар мен кодтар теориясының түсінігін қазақ тілді аудиторияға жетік түсіндіру, ақпараттық қауіпсіздік саласында ақпараттарды қауіпсіз берілуін, ақпаратты жіберу барысында болатын қателерді анықтау және оларды түзетіп, қайта кодтауды жүзеге асыруды үйретеді. Бұл курста ақпаратты өлшеу, оның тәсілдері, энтропия ұғымы және қасиеттері, ақпаратты сығудың түрлері, алгоритмдері және Шеннон-Фано, Хаффмен, арифметикалық кодтау, Лемпел-Зив алгоритмдердің құру әдістері және сол алгоритмдерге мысалдар келтірілген.кодтау теориясының негізгі түсінігін, ақпаратты жіберу кезінде болатын кедергілерді анықтап, оларды түзетуді үйретеді. Әртүрлі кодтау түрлері, атап айтқанда, хэмминг коды, варшамов коды, рид-маллер коды, циклдық кодтар, файер коды, абрамсон кодтарының түсініктері, құрылу әдісі, мысалдарымен көрсетілген. Әр бөлім теориялық түсінікпен, мысалдардан, білім алушы өзін-өзі тексеретін сұрақтардан тұрады.
