Ескеева Мағрипа Қайнарбайқызы

филология ғылымдарының докторы, профессор

«Түркі филологиясына кіріспе» түркологиялық пәндер жүйесінің бастауыш курсы. Пән түркі тіл білімінің тарихи-әдіснамалық негізін құрайды. Курстың мақсаты: Жалпы түркітану ғылымының қалыптасу тарихынан, түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдері мен зерттелуі, генеалогиялық және тарихи тұрғыдан жіктелуі жайлы  түсінік беріп, лингвистикалық түркітанудың қазіргі таңдағы міндеттерімен, басты бағыттарымен таныстыру. Пән түркі тілдерінің дамуын халықтың тарихымен, этникалық құрамымен тығыз сабақтастықта қарастыруға бағытталған