Ермагамбетова Куралай Сергабыловна

PhD

Мәдениеттану курсы білім алушыларды қазіргі мәдениеттанулық білімінің тұжырымдарымен, мәдениет түрлері мен формаларын, нормаларын, әлемдік мәдениет тарихымен, өнер туындыларымен, рухани және материалды мәдениет артефактарымен, қазақ мәдениетінің тарихы мен қазіргі кездегі жетістіктерімен таныстырады. Курс шеңберінде қазіргі Қазақстандағы мәдени жағдайлар, мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар зерттеледі, мәдени кеңістік, мәдени естеліктер, мәдени брендтер, қоғамдағы мәдени институттардың орны мен рөлі, мәдени индустрия мен креативті мәдениет мәселелері қарастырылады. Курс Қазақ елінің рухани және материалды мәдениеті мен құндылықтары арқылы патриоттық тәрбиелеуге, қазіргі жаһандық даму тенденцияларына байланысты мәдени кеңістіктегі үдерістерді түсінуге бағытталған.