Алибекова Балшекер Ашықбайқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Курс, мемлекеттік аудиттің теориялық, құқықтық және әдіснамалық негіздерін ашу арқылы студенттердің мемлекеттік аудит туралы жүйелі, ғылыми негізделген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курс шеңберінде мемлекеттік аудиттің негіздері, яғни мемлекеттік аудиттің қалыптасуы, құқықтық және кадрлық қамтамасыз етілуі, ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру негіздері, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің жаңа бағыттарын қоса алғандағы сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізудің типтері мен әдістемесі, мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау және нәтижелерін тану қарастырылған. Курс «Бизнес және басқару» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының білім алушыларын дайындауға арналған. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы практикалық қызметкерлерге, сондай-ақ оқытушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.