Отаралы Светлана Жұбатырқызы

PhD, аға оқытушы

Бұл пән «Дене шынықтыру және спорт» саласы мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын негізні пәні болып табылады. Дене шынықтыру және спорт маманы үшін пән аясында қалыптасқан білімдер, тұжырымдар, ұғымдар, категориялар практикалық қызметінің нәтижелерін жалпылатуға, түсінуге, нақтылауға, толықтыруға, тереңдетуге мүмкіндік береді. Пәнді меңгеру барысында барлық тақырыптарды 2 модульге бөліп қарастырамыз. 1 модульде – дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесінің пән ретінде қалыптасу тарихы, негізгі қағидалары мен әдіс-тәсілдері, дене қасиеттерін жетілдіру әдістемесі сияқты тақырыптар қарастырылады.2 модуль – мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, жоғары оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері, өмір сүрудің негізгі кезеңіндегі, ересектердің, егде жастағы адамдардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылады.