Атемова Калипа Турсуновна

п.ғ.д., профессор

«Әлеуметтік педагогика» пәні қоршаған орта мен қоғамның адам тәрбиесіне ықпалын зерттейді. Сонымен қатар, пәннің мақсаты баланы өзі өмір сүретін қоғамына ендіруді яғни әлеуметтендіруді көздейді. Бұл пәнді оқып үйрену барасында болашақ педагогтар  баланы әлеуметтендірудің факторлары  мен шарттарын білетін болады. Сондай-ақ, қоғамда орын алатын, келеңсіз жағдайлардың шығу себептері мен оның алдын алу жолдарын да қарастырады. Мысалы, қалып және қалыптан ауытқу, девиантты мінез-құлықар мен оның түрлерімен жұмыс, буллинг және кибербуллинг құбылысы, әлеуметтендіру институттары мен олардың әлеуметтендірушілік қызметтері, отбасының әлеуметтендірушілік  қызметтері және қамқорлығынан айрылған балаларды қоғамға бейімдеу мекемелері жұмысына байланысты көптеген ақпараттарды қамтиды.