Тосмағанбетова Кульди Сулейменовна
доцент м.а., PhD
«Элементтерді
анықтау әдістері» курсы 1-курс студенттеріне арналған және классикалық аналитикалық химияның
негізгі ұстанымдары мен әдістерін тереңдете оқытуға бағытталған. Курс
барысында студенттер химиялық жүйелердегі тепе-теңдік заңдылықтарын терең
түсініп, оларды элементтерді анықтауға пайдаланады. Сонымен қатар,
хроматографиялық және оптикалық әдістердің теориясы мен қолдану дағдыларына ие
болады. Бұл курс
аналитикалық химияның негізгі принциптері мен сапалық әдістерін түсінуге,
зертханалық тәжірибе дағдыларын дамытуға және күрделі аналитикалық есептерді
шешуге қажетті білім береді. Курс аудиториясы: химия мамандығы студенттері мен
элементтерді анықтау әдістеріне қызығушылық танытқан тұлғалар.
- Учитель: Жанар Джакупова
- Учитель: Кульди Тосмаганбетова